Шымкентте 18 вагон рельстен шығып кетті

11 Мамыр 2023, 20:40
931
Бөлісу:
Шымкентте 18 вагон рельстен шығып кетті
Фото: Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс қызметі

Шымкентте 18 жүк көлігі рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шымкент қаласы ТЖД мәліметінше, "Шымкент-Арыс" пойызының 18 жүк вагоны "Игілік-Бадам" теміржол учаскесінде рельстен шығып кетті.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Рельстен шығу салдарынан 11 электр желісі бағаны, сонымен қатар теміржол төсемінің кейбір жері зақымдалды. Вагондар рельстен шығып кеткендіктен, аталған станцияда "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кешіктірілді, - делінген Шымкент қалалық ТЖД таратқан ақпаратта.

Қазір пойыздар қалыпты режимде жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы