Шымкентке Қазақстанда жиналған тағы да 3 автобус әкелінді

26 Мамыр 2024, 03:45
442
Бөлісу:
Шымкентке Қазақстанда жиналған тағы да 3 автобус әкелінді
Фото: BAQ.KZ.

Шымкентке отандық компания шығаратын тағы 3 автобус әкелінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№55 маршрутқа қосылған көлік Қарағандыда жинақталған. Қоғамдық көлік салонына 100-ге тарта адам сияды. Мамандар жыл басынан бері осымен 26 қозғалыс құралының сатып алынғанын айтады. Ал алдағы уақытта газбен жүретін 200 автобус әкелу жоспарда бар.

Автобустардың модификациясы жаңа болып саналады. Толығымен жабдықталған. Автобустың ұзындығы 10 жарым метр, екі есікті. Қозғалтқышы Еуро 5-ке жатады. Олар 55 маршрутқа шығады. Қазір құжаттары дайындалып жатыр, – дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің бас маманы Самат Нұржанов.

Өзгелердің жаңалығы