Шымкент жылу энергоорталығы жөндеуден өтеді

5 Шілде 2023, 22:20
786
Бөлісу:
Шымкент жылу энергоорталығы жөндеуден өтеді
Фото: baq.kz

Биыл Шымкент жылу энергия орталығын жөндеуге 1 миллиард 255 миллион теңге бөлінді. Инвестор есебінен қос турбогенератор, үш жылу қазандығы жаңғыртылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қыстың күні шаһардың 75 пайызын ыстық сумен қамтитын стратегиялық нысанға жоспарлы жөндеу кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Алайда 40 жылдан бері жұмыс істеп тұрған қондырғылардың 59 пайызы тозып тұр.

Энергетика министрлігі орталықты қызыл тізімге қосып, жаңғырту жобасын кестеге сай, мұқият жүзеге асыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы