Шымкент-Стамбұл рейсі қайта жанданады

23 Наурыз 2021, 17:21
1447
Бөлісу:
Шымкент-Стамбұл рейсі қайта жанданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ баспасөз қызметі Шымкент және Стамбұл қалалары арасындағы әуе рейстерін қайта бастау туралы ақпарат жариялады.

Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 10 наурыздағы шешіміне сәйкес әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Шымкент – Стамбұл – Шымкент бағытында халықаралық тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді.

2021 жылғы 5 сәуірден бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент және Стамбұл қалалары арасында аптасына 2 рейспен ұшуды бастайды. Рейстер Б737 әуе кемесімен аптаның дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады, - делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.


Өзгелердің жаңалығы