Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді

1 Ақпан 2022, 20:25
2205
Бөлісу:
Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаңтар айының басында болған қайғылы оқиғалар кезінде қалалық жедел жәрдем қызметінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеді. Осы оқыс оқиғалар кезінде жедел жәрдем көліктері зақымдалған болатын. 

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді

Осыған байланысты "Астана Моторс" компаниясы атынан  орталыққа жаңа автокөліктер берілді.  Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. 

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді

103 станциясы толығымен цифрлы жүйеге қосылған. Жедел жәрдем қоңырауларының барлығы біріктірілген автоматты жүйе арқылы қабылданады. Әр шалынған қоңырау тікелей жүйеге қосылады. Сол арқылы шақырту түскен жерге ең жақын бригада жіберіліп, оларға науқас жайлы толық ақпарат беріледі . Мұнан бөлек, шақыртуға баратын көліктерде  GPS-навигаторы орнатылған.

Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді
Өзгелердің жаңалығы