Шымкентте дәмханада әйелді жарақаттаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 қарашада Шымкент қаласындағы дәмханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болды.
Жанжал барысында ер адам әйелге шабуыл жасап, оған шыны ыдысты лақтырған. Салдарынан әйелдің беті мен қолы жарақаттанған.
Аталған дерек бойынша Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда әріптесімен төбелескен ер адам ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Атырау облысында балабақшада тәрбиешінің баланы ұрып-соғуынан кейін қылмыстық іс қозғалды
Қалтасына салып, күртесіне тыққан: Оралда супермаркеттерден тауар ұрлаған ер адам ұсталды
Астанада көлігімен тротуарда жүрген Changan жүргізушісіне айыппұл салынды