Шымкент әуежайының жолаушылар терминалы құрылысы аяқталуға жақын

25 Қараша 2021, 16:29
1094
Бөлісу:
Шымкент әуежайының жолаушылар терминалы құрылысы аяқталуға жақын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  

Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалды. Ал жобаның екінші кезеңі бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алған. Қасбеттік жүйелерді монтаждау жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда, жолаушылар терминалы құрылысының 80 % жұмыстары орындалды. 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жұмыстарымен танысып, әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Шымкент әуежайының жолаушылар терминалы құрылысы аяқталуға жақын

Өткен жылы қала әкімдігімен 912 млн теңгеге әуежай алдындағы алаңдағы автотұрақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, аяқталған болатын. Ал жобалық құны 1,7 млрд теңге құрайтын жаңа кірме жолды салу бойынша жұмыстар да аяқталып отыр. 

Өзгелердің жаңалығы