Шымкент әуежайының жолаушылар терминалы абаттандырылып жатыр

8 Желтоқсан 2020, 16:44
1380
Бөлісу:
Шымкент әуежайының жолаушылар терминалы абаттандырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа нысанның құрылыс барысымен танысты. Құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталған болатын. Мердігер мекеме – «ПМК-7К» ЖШС. Жобаның жалпы құны –  874,5 млн теңге. Абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін бітеді.  

Бүгінгі таңда бірқатар құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды. Атап айтқанда, топырақты қабаттарға қайта толтыру (32891 м3), қиыршықтас-құм қоспасынан жасалған негіздер мен жабындар (31 580 м2), борттық бетон тастарын орнату  (54 780 м3) жұмыстары аяқталып отыр, - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ ірі түйірлі асфальт жол төсемесінің  (31 580 м2) 90 пайызы, ұсақ түйірлі асфальт жол төсемесінің (31 580 м2) 49 пайызы, бейнебақылау үшін траншеяға кабель төсеу – 95 %, автокөліктерге арналған тұраққа шатыр жабындысын қою жұмыстары  25 %-ы  орындалды. Құрылысқа жалпы 50 адам тартылған.

Туризмнің бастауы аэропорттан басталатынын атап айтқан шаһар әкімі салаға жауапты басшыларға құрылыс жұмыстарын мерзіміне сәйкес аяқтауды жүктеді.  


Өзгелердің жаңалығы