Шымбұлақта мұздан бар тұрғызылды

20 Қаңтар 2019, 15:23
2928
Бөлісу:
Шымбұлақта мұздан бар тұрғызылды

Алматы, BAQ.KZ.  Шымбұлақта таза мұздан тұрғызылған бар іске қосылды. Ол 17 қаңтардан бастап жұмыс істеуде, ресми ашылуы 26 қаңтарға жоспарланған.

Аталған нысан тау шаңғысы курортындағы мейрамхана алаңшасы маңында, Quad аумағындағы тау баурайында орналасқан. Оны тұрғызуға 20 тонна табиғи мұз жұмсалған және оны Астанадаy жеткізіпті.

Ice Bar жобасын ұйымдастырушы Ирина Ширмердің айтуынша, нысанды тұрғызуға елордадан шеберлер шақыртылған.

Бардың іші де, сырты да мұздан жасалған. Тіптен ішіндегі үстелдеріне дейін мұздан тұрғызылған. Нысан сондай үлкен емес, бір уақытта 7-8 адам сыйады.

Сондай-ақ жұмысқа келетін бармен де арнайы тігілген жылы киіммен келеді екен.

«Бар ішін тазалау қиын емес. Ескі қарды тазалап, орнына жаңасын төсейміз. Бұл салада мен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келемін және Шымбұлақты жақсы көретіндіктен бұл жерге жұмыс істеуге келістім», - дейді бармен Рашид.
Өзгелердің жаңалығы