Шығыста URPAQ жобасы басталды. Ол нені көздейді

17 Сәуір 2024, 10:53
205
Бөлісу:
Шығыста URPAQ жобасы басталды. Ол нені көздейді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Балаларды онлайн қорғау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "URPAQ VKO" жобасын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баланы тәрбиелеу және оның негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Бүгінгі таңда мемлекет балалардың құқықтарын қорғау және балаларға қатысты заңсыз әрекеттер, соның ішінде, зорлық-зомбылық және буллинг үшін жауапкершілікті күшейту бойынша маңызды шараларды қабылдауда, Мұндай фактілердің алдын алу үшін прокуратура жаңа әдістерді қолданады.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы URPAQ ("Ұрпақ") жобасына бастамашы болды.

Жобаның бірегейлігі - "Telegram" мессенджерінде "vko_urpaq_bot" аттас бот жасалған. Бұл - балалардың құқықтарының бұзылуы туралы ақпаратты жинауға арналған автоматтандырылған жүйе. Оларға жедел ден қою және өтініш берушілерге шұғыл көмек көрсету құралы.

Боттың функционалдығы әртүрлі форматтағы (фото, аудио, бейне, Word) келіп түскен хабарламаларды өңдеуге мүмкіндік береді.

Кез келген адам мен бала шұғыл көмек сұрай алады немесе балаларға қауіп төндіретін ақпаратты (ашық люктер, жолдағы жағдай, қаңғыбас иттер және т.б.) жібере алады.

Бүгінгі таңда прокуратура ботты танымал ету, оқушылар, олардың ата-аналары мен оқу орындарының қызметкерлері арасында пайдалану ережелерін үйрету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Телеграм-бот қылмыстың және жағымсыз салдардың алдын алу алаңы болады деп сенеміз. Ол үшін зорлық-зомбылықтың немесе балалардың құқықтарының кез келген бұзылуына куә болған барлық азаматтарды бұл туралы VKO_URPAQ_BOT чат-ботына хабарлауға шақырамыз (анонимді түрде хабарласу мүмкіндігі бар, сілтеме @vko_urpaq_bot), - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы