Жетісу облысында полицейлер көлік өртеген күдіктіні ұстады

5 Мамыр 2024, 17:39
321
Бөлісу:
Жетісу облысында полицейлер көлік өртеген күдіктіні ұстады

Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде бейтаныс адам автокөлікті өртеп жіберген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдікті түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көлікке бензинді шашып, оны өртеп жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорғанның жедел уәкілдерімен бірлесіп, көлікті өртеген, бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады, - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы