Шығыс Қазақстанда 230 адамды кене шақты

23 Сәуір 2022, 23:23
1997
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда 230 адамды кене шақты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыста күн жылынғалы 230 адамды кене шаққан. Оның сексені бала. Көбісі Өскемен қаласының тұрындары, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

Ең бастысы, кене энцефалитіне ешкім шалдықпған. Мамандар биыл көктем суық әрі күннің жылынуы ұзаққа созылғандықтан өткен жылдармен салыстырғанда зиянкестен зардап шеккендер саны әлдеқайда аз деп отыр.

Кене шаққан адамдарға дер кезінде ем-дом жасалып екпе егілді. Бүгінге дейін 201 адамға иммуно-глобулин вакцинасы салынған. Ал шығыста тек Өскемен қаласы ғана емес, тағы 10 аудан кене энцефалитінің табиғи ошағы саналады. Сондықтан ол аумақтарға жылына екі рет залалсыздандыру жұмысы жүргізіледі.

Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті. Сондай-ақ облыстың эндемиялық 9 өңірінде мамандармен кенеге қарсы зарарсыздандыру жұмысы жүргізілуде, – деді облыстық санитарлық эпидемологиялық бақылау департаментінің бас маманы Бағалан Тауанова.

Өзгелердің жаңалығы