Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының бірінші толқыны аяқталуда

15 Сәуір 2024, 03:21
359
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының бірінші толқыны аяқталуда
Фото: Семей қаласы әкімдігі

Алайда, өңірдің таулы аумақтарындағы қар жамылғысының, ондағы ылғал қорының жоғары көрсеткішін, ауа температурасын және жауын-шашын болжамын ескерсек, сәуір айының ортасына қарай су тасқынының толқыны күтілуде. Әсіресе таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жайында ОКҚ алаңында өткен брифингте ШҚО әкімдігінің ресми өкілі Елжан Кайрканов мәлімдеді.

Бүгінде аймақта қар жамылғысының көлемі 48% құрайды. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. Аймақтағы 132 гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бөгеттерде судың деңгейі алдын ала төмендетілген, - деді ШҚО әкімдігінің ресми өкілі Елжан Кайрканов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы