Шығыс Қазақстанда «Абайлаңыз, балалар!» жедел іс-шарасы өтуде

16 Мамыр 2021, 16:35
1254
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда «Абайлаңыз, балалар!» жедел іс-шарасы өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақын күндері оқу жылы да аяқталады. Сондықтан да Күршім АПБ қызметкерлері «Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасын тыңғылықты дайындықпен  бастады, деп хабарлады altaynews.kz.


Тәртіп сақшылары оқушылардың жазғы демалыс күндері барынша қауіпсіз өтуі үшін барын салмақ. Атап айтсақ, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға жолда жүру ережелерін кездесулер,ашық сабақтар барысында түсіндіріп, алдын-алу іс-шаралары жүйелі түрде жүргізілмек.

Мәселен, аталған жедел - алдын алу іс-шарасы барысында  Күршім АПБ қызметкерлері Күршім, Марқакөл ауылдарындағы мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама таратты. 

Өзгелердің жаңалығы