Шығын - 10 млн теңге. Түркістанда 6 барымташы ұсталды

21 Қараша 2023, 20:52
747
Бөлісу:
Шығын - 10 млн теңге. Түркістанда 6 барымташы ұсталды
VIDEO

Түркістан облысында тұрғындарға 10 млн теңге шығын келтірген мал ұрлаушылар тобы құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында тұрғындарға 10 млн теңге шығын келтірген мал ұрлаушылар тобы құрықталды.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мен Төлеби ауданының поилцейлері бірлесіп, облыс аумағында мал ұрлығымен және ет өнімдерін өткізумен айналысатын адамдар тобының қылмыстық қызметін тоқтатты. 

Полицейлер жедел-іздестіру арнайы іс-шаралар кешенін өткізу барысында, Қазығұрт, Төлеби аудандарында жасалған мал ұрлығына қатысы бар 6 күдіктіден тұратын мал ұрлаушылар тобын ұстады. Олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. 

Анықталғандай, күдіктілер алдын ала сөз байласып, мал иелері мен бақташылардың жоқтығын пайдаланып, жайылымдардан ірі қара малды ұрлап, ГАЗель автокөлігіне тиеп әкетіп отырған. Содан кейін олар ұрланған малды Сайрам ауданында өткізіп, тапқан пайданы бөліскен. Қазір күдіктілердің мал ұрлығының 5 фактісіне қатысы бары дәлелденді. Барлығы 30-дан астам мал ұрланып, шығын 10 миллион теңгені құрады. Айғақты зат ретінде ГАЗель жүк көлігі, телефондар мен ұрланған 5 бас мал тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа ұқсас мал ұрлығына қатысы және жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі нақтылануда. Яғни оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, – деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов брифингте.

Өзгелердің жаңалығы