ШЫҰ-ның терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтеді

6 Қаңтар 2020, 16:50
2003
Бөлісу:
ШЫҰ-ның терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) "Бейбітшілік миссиясы – 2020" оқу-жаттығулары Кемерово облысының "Юргинский" полигонында алғаш рет өтеді.

Бұл туралы Орталық әскери округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, терроризмге қарсы комитет хабарлайды.

Тамыз айында өтетін халықаралық оқу-жаттығуларға сегіз елдің – Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстанның Қарулы Күштерінің өкілдері қатысады.

Ауқымды бірлескен оқу-жаттығулар кезінде әскерилер бірлескен күштер тобының антитеррорлық операцияны дайындау және өткізу міндеттерін орындайды.

Баспасөз қызметі "Бейбітшілік миссиясы" оқу-жаттығуы Сібірде алғаш рет өткізілетіндігін хабарлады. 2002 жылдан бастап қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық аясында ШЫҰ-ға мүше елдер үнемі терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығулар өткізіп келеді.

"Бейбітшілік миссиясы" оқу-жаттығулары олардың ішіндегі ең көлемдісі болып табылады және екі жылда бір рет өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы ШЫҰ халықаралық жаттығулары Ресей Федерациясының Челябі облысының Чебаркуль қаласындағы полигонында өтті.

Өзгелердің жаңалығы