Швейцарияда Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат етілді

19 Желтоқсан 2020, 18:37
1266
Бөлісу:
Швейцарияда Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрі-дәрмектер нарығын қадағалайтын Swissmedic швейцариялық органы коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының елде қолданылуын мақұлдады.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Swissmedic Pfizer/BioNTech коронавирусқа қарсы вакцинасын Швейцарияда қолдануға рұқсат етті. Терапиялық мақсаттағы өнімдерді реттеумен айналысатын швейцариялық агенттік бағалаған деректерге сәйкес, вакцинаның екінші инъекциясын алғаннан кейін жеті күн өткен соң қалыптасатын қорғаныс деңгейі 90%-дан асады, - делінген Swissmedic хабарламасында.

Айта кетейік, Pfizer – Швейцарияда қолданылуға мақұлданған алғашқы коронавирусқа қарсы вакцина.


Өзгелердің жаңалығы