Швейцарияда COVID-19 пандемиясының бесінші толқыны басталды

19 Қараша 2021, 20:52
824
Бөлісу:
Швейцарияда COVID-19 пандемиясының бесінші толқыны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ален Берсе індеттің таралуы барлық швейцариялықтардың әрекеттеріне байланысты болатынын айтты. Бір ай ішінде Швейцарияда инфекция жұқтырғандардың күнделікті өсуі төрт есеге артты. 

Бір тәулік ішінде елде коронавирус жұқтырудың 6017 жаңа жағдайы анықталды. Өткен аптада коронавируспен ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 25%-ға өсті, коронавирустан қайтыс болғандар саны 80% артып, апталық көрсеткіш 53 жетті.

Грецияда вакцина алмаған адамдарға кинотеатрларға, мұражайларға және спорт мекемелеріне баруға тыйым салынады. Греция билігі келесі аптадан бастап COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған адамдар үшін қатаң шектеу шараларын енгізеді, деп мәлімдеді Греция премьер-Министрі Кириакос Мицотакис. Жаңа ережелер 22 қарашада бастап күшіне енеді.

Словакия мен Чехия коронавирусқа қарсы вакцина алмаған азаматтарға шектеулер енгізеді. Чехия билігі вакцинациядан өтпеген адамдар үшін шектеулерді күшейтеді. Словакия Премьер-министрі 22 қарашадан бастап үш аптаға "вакцина алмаған адамдарға локдаун" енгізілетінін мәлімдеді. 

Осы күннен бастап тек коронавирусқа қарсы толық вакцина курсын алған немесе соңғы алты айда коронавируспен ауырып емделіп шыққан адамдар ғана мейрамханаларға, сауда орталықтарына, спорт мекемелеріне, бірінші мұқтаждықтағы емес тауарларды сататын дүкендерге барып, жаппай іс-шараларға қатыса алады. Жұмысқа бару үшін олар аптасына екі рет тест тапсыруы керек. Індет таралуының күшейген аймақтарда тамақтану, спорт клубтары, сұлулық салондары мен қонақ үйлер толығымен жабылады, - деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Өзгелердің жаңалығы