Шу қаласында соққыға жығылған әйел ауруханада көз жұмды

Оны бірге тұрған азаматы ұрып-соққан. Полиция ер адамды ұстады.

 depositphotos.com 27 Қараша 2026, 00:50
27 Қараша 2026, 00:50
140
Фото: depositphotos.com

Шу қаласында ауыр соққыға жығылған әйел алған жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды. Әйелдің өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полицияның мәліметінше, күдікті – 40 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді полиция.

Тергеу жұмыстарын облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізуде. Істің барысы полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

«НеМолчи.kz» қоры да әйелдің қайтыс болғанын жазды.

Анамыз қайтыс болды. Қыздар жаңа ғана жазды: олар ауруханаға барып, үйге оралғаннан кейін дәрігерлер телефон соғып, аналарының көз жұмғанын хабарлаған. Ауруханаға барғаннан кейін түсірілген бейнежазбаларда балалардың қандай ауыр күйде болғаны көрінеді. Кіші қызы анасын көріп, өксіп жылаған. Қыздар комада жатқан анасын көргенде көз жасына ерік берген, – делінген қордың хабарламасында.

Бұған дейін 1976 жылы туған әйелдің 24 қараша күні Шу қаласындағы ауруханаға ауыр халде жеткізілгені хабарланған болатын.

 

Наверх