ШҚО құтқарушылары жолда қалғандарға көмектесті

14 Қараша 2022, 11:20
684
Бөлісу:
ШҚО құтқарушылары жолда қалғандарға көмектесті

Құтқарушылар қолайсыз ауа райында жолда қалған "Ниссан-Патрол" автокөлігінің жүргізушісі мен әйелін құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар қарлы күні жолға шығып, Глубокое ауданына қарасты "Авиатор" саяжай қоғамында қалып қойған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жолаушылар бірден «112» арнасына хабарласып, көмек сұраған.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасаған қызметкерлері 2 адам мен итті эвакуациялап, тазартылған жол учаскесіне дейін жеткізді. Бұған дейін қар мен жел екпіні туралы тұрғындарға ескерту жасалған болатын. Тұрғындардан ауа райына байланысты ескерту алған күндері алыс жолға шығудан бас тартуға кеңес береміз. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз 112 нөміріне хабарласуға болады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы