ШҚО полицейлеріне 135 жаңа қызметтік автокөлік берілді

31 Желтоқсан 2023, 14:31
503
Бөлісу:
ШҚО полицейлеріне 135 жаңа қызметтік автокөлік берілді
Фото: polisia.kz

ШҚО полицейлеріне мереке қарсаңында 135 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Автокөліктердің кілттерін орталық алаңда салтанатты түрде гарнизондық жиын барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев табыс етті.

Сіздің кәсібилігіңіздің арқасында тәулік бойы азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіп қамтамасыз етілуде. Ал қазір барлық қажетті құралдармен жабдықталған жаңа көліктерде полицейлердің болуы қойылған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Жазғы кезеңде туристік маршруттарды инспекциялау жүргізушілерді тәртіпке келтіреді және жолдардағы апаттылықты азайтуға мүмкіндік береді. Өңірде туризмнің дамуымен туристік полиция құру қажеттілігі туындады, – деп атап өтті облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Отандық өндірістің Chevrolet Cobalt, Kia және Jac маркалы 135 автокөлігі “Өнеркәсіпті дамыту қоры” АҚ арқылы облыстық бюджет қаражатынан лизингтік қаржыландыру аясында сатып алынды. Автокөліктер патрульдік және учаскелік полиция инспекторларына, сондай-ақ кинологиялық және табиғатты қорғау қызметтеріне арналған.

Машиналардың бір бөлігі аудандық бөлімшелерге, оның ішінде жаңадан құрылған бөлімшелерге жіберіледі, онда бір учаскелік полиция инспекторы ұзындығы 50-70 шақырымға дейінгі бірнеше елді мекендерге қызмет көрсетеді.

Кілттерді тапсыру рәсімінен кейін облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков жаңа көліктерді аралап, техникалық сипаттамалармен танысты. Гарнизондық жиынның соңында облыс полициясының басшысы жеке құрамға жүгінді:

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және жол жүрісі қағидаларын бұзуға жол бермеу-біздің негізгі міндеттеріміз. Полиция паркі 2017 жылдан бері жаңартылмаған. Мен облыс әкіміне және барлық жеке құрамға өткен жылы атқарған жұмыстары үшін алғысымды білдіремін, – деді Ерлан Омарбеков.

Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығының көшелерін жаңа автокөліктер патрульдейтін болады

Өзгелердің жаңалығы