ШҚО полицейлері 3 млн теңге қарызы бар борышкерді тапты

24 Мамыр 2024, 00:48
412
Бөлісу:
ШҚО полицейлері 3 млн теңге қарызы бар борышкерді тапты
Фото: архив

Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің мамандары ұзақ уақыт бойы үш миллион теңге қарызын өтеуден жалтарған 42 жастағы борышкерді іздеп тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді берешек бойынша өндіріп алумен сот орындаушысы айналысады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жыл басынан бері тәртіп сақшылары 80-нен астам борышкерді анықтады.

Полиция департаментінің көші-қон қызметі азаматтарға атқарушылық құжаттағы келісім-шартты орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы