ШҚО өзендерінде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде

3 Наурыз 2022, 20:55
1685
Бөлісу:
ШҚО өзендерінде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзендерде мұзды ұсақтау шаралары басталды. 

Шемонаиха ауданындағы Үбе өзенінде көктем кезінде мұз кептелуінен жағалау маңындағы нысандарды су басу қаупі туындайды. Бұған жол бермеу мақсатында 10 мың шаршы метрден астам аумақта жару жұмыстары жүргізілді. Мұз қалыңдығы 80 сантиметрді құраған, - деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңі әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін созылады. Алдағы күндері жарылыс жұмыстары Бородулиха ауданы Красный Яр ауылында, Шемонаиха ауданы Жоғары Үбе ауылында және Семей қаласында жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы