ШҚО-да жолда жүк көлігі жанып кетті

15 Желтоқсан 2022, 20:47
1145
Бөлісу:
ШҚО-да жолда жүк көлігі жанып кетті

«Алтай-Катонқарағай» тасжолында «Газель» маркалы көлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға кеше түнгі он бір сағат шамасында болған. Бұл туралы Altaynews.kz жазды.

Алтай ауданының төтенше жағдайлар бөліміндегі мамандардың айтуынша, сымдардың тұйықталуынан от тұтанған.

Тұрмыстық техника тиелген көлік тұтас жанып кетті.

Өзгелердің жаңалығы