ШҚО-да халықаралық ақындар айтысы өтеді

20 Маусым 2022, 18:35
1230
Бөлісу:
ШҚО-да халықаралық ақындар айтысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілденің 1 күні Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай елді мекенінде халықаралық «Алтайдай жер қайда?!» ақындар айтысы өтеді.

Халқымыздың ұлттық құндылығына айналған өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз, Моңғолияның айтыскер ақындары қатысып, бақ сынайды.

Елімізден Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Рүстем Қайыртай, Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Қазірет Бердіхан, Жарқын Жұпархан, Серік Қуанған, Ардабек Ақбаба сынды от ауызды, орақ тілді ақындар қатысады.

Ақындардың өнеріне Алмас Ахметбек, Ұлықбек Есдаулет, Серік Құсанбаев, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Кәмел Жүністегі қазылық етеді.

Айтысты белгілі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы