ШҚО-да бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр

15 Қыркүйек 2022, 18:10
1374
Бөлісу:
ШҚО-да бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін Өскемен қаласында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алтайньюс жазды.

Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, мұндай жәрмеңке биыл екінші рет өткізіліп отыр. Мұнда жұмыс іздеушілердің әр түрлі контингенті шақырылған. Атап айтқанда, жұмыссыздар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, алимент төлеушілер және т.б.

Аталмыш жәрмеңкеге "ҮМЗ"АҚ,"Өскемен ЖЭО" ЖШС, "Өскемен құс фабрикасы" АҚ," Өскемен конденсатор зауыты" ЖШС, Halyk Bank сияқты 60 жуық кәсіпорын қатысып, жұмыс іздеушілерге 200-ден астам бос орындар ұсынған. Оның ішінде учаске басшылары, аға инспекторлар, Директорлар, жұмысшылар, сауда өкілдері, супервайзерлер, түрлі салалардағы менеджерлер бар.

Жәрмеңкеге қатысқысы келетін тұрғындар Өскемен қаласының Шәкәрім даңғылы, 149/10 мекенжайында орналасқан жұмыспен қамту орталығына баруға болады. 

Өзгелердің жаңалығы