ШҚО-да бірнеше аудан оқушылары қашықтан оқиды

27 Қаңтар 2023, 13:10
1316
Бөлісу:
ШҚО-да бірнеше аудан оқушылары қашықтан оқиды

Бүгін ауа райының төмендеуіне байланысты бірқатар аудандардың мектеп оқушылары мектепке бармайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО білім басқармасының ақпараты бойынша, Күршім, Алтай және Самар ауданының бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы Altaynews жазды.

- Күршім ауданында Ақсуат, Төсқайың, Шанағаты мектептерінің 0-4 сынып оқушылары;

- Алтай ауданының Алтай қаласы, Жаңа Бұқтырма, Зубовкс, Маяк, Никольск, Чапаев, Первороссийское, Тұрғысын, Соловьево, Леснопристань, Путинцево, Новокрестьянка, Подорленок, Крестовка және М.Харин мектептерінде 0-4 сынып оқушылары, ал Бекетов атындағы орта мектептің 0-9 сынып оқушылар,

Самар ауданындаы Амангелді орта мектебінің 0-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқиды.

Өзгелердің жаңалығы