ШҚО-да балалар лагері пандемиядан кейін жұмысын қайта бастайды

20 Сәуір 2022, 17:44
1177
Бөлісу:
ШҚО-да балалар лагері пандемиядан кейін жұмысын қайта бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл санитарлық шектеулер жеңілдегендіктен оқушылар демалыстарын жазғы лагерьлерде өткізуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Алтайньюс.

Оқушылар демалыстарын Өскеменнен 30 минуттық жердегі Таулы Үлбінің жағасында орналасқан лагерінде өткізбек.
Онда күн сайын балаларға арналған қызықты бағдарламалар, спорттық ойындар, квесттер мен көңілді кештер ұйымдастырылады. 

Сондай-ақ балалардың жаңа таныстар мен көңілді орта қолыптастыруына да үлкен мүмкіндіктер туындамақ. 

Лагерьге 6 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қабылданады. 

Айта кету керек балалардың демалыс кезіндегі қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.
 

Өзгелердің жаңалығы