Оқиға Астанадағы №43 автобуста болған. Жолаушы әйелдің айтуынша, автобусқа міну кезінде жүргізуші әйел мен балалардың үлгеріп кіруін күтіп, есікті ұстап тұрған күйеуін есікпен қысқан. Балалар автобусқа кіріп үлгермеген.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері маршруттық автобус жүргізушісінің жолаушымен жанжалдасқаны түсірілген видеожазба жарияланғанын анықтады.
Тексеру барысында жанжал жолаушының жұбайы мен балаларының салонға кіріп үлгеруін күтіп, автобус есігін ұстап тұрғаннан кейін туындағаны анықталды. Полицияның мәліметінше, жүргізуші агрессивті әрекет жасап, жолаушыға боғауыз сөздер айтқан. Жанжал төбелеске ұласа жаздаған. Осыдан кейін жүргізуші жолаушылардың барлығынан салоннан шығуды талап етіп, оқиға орнынан кетіп қалған.
Полиция 51 жастағы автобус жүргізушісін анықтап, ұстады. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Сонымен қатар жүргізушімен қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау және мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция департаменті қоғамдық орындарда жалпыға бірдей қабылданған тәртіп нормаларын сақтап, қорлау мен агрессивті мінез-құлыққа жол бермеуге шақырады, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көршілер жанжалдасып, ер адам қаза тапты.
Тағы оқи отырыңыз:
Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды
eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды
Ақтөбеде ер адам «көлікпен қағып кеттің» деп жүргізушілерден ақша бопсалаған