Шпекбаев 5 вице-министрге қатысты іс тергеліп жатқанын айтты

29 Қаңтар 2021, 10:45
1591
Бөлісу:
Шпекбаев 5 вице-министрге қатысты іс тергеліп жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев агенттіктің 2020 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында айтты. 

2020 жылы тіркелген жемқорлық деректері 5 пайызға төмендеді. 2017-2020 жылы бұл көрсеткіш 11 пайызға қысқарған. Біз жазадан құтылмау жолын да қамтамасыз етеміз. Есептік кезеңде 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыс соттта қаралып жатыр. Оған қоса 112 жүйелік жемқорлықтың дерегі тіркелді. Сотта ұйымдасқан қылмыстық топ құру бойынша 4 іс қаралып жатыр, - деді ол. 

Шпекбаев атағандай, қылмыстық жауапкершілікке әртүрлі деңгейдегі 210 жетекші тартылды. 

722 адам сотталды. Оның ішінде облыс әкімі, 4 облыс әкімінің орынбасары, 2 жауапты хатшы, 2 комитет төрағасы, елші мен 5 судья, 10 аудандық және қалалық әкімдер мен олардың орынбасарлары бар. 5 вице-министрге қатысты іс тергеліп жатыр. 5 комитет төрағасы мен квазимемлекеттік сектордағы 5 ТОП-менеджердің ісі қаралып жатыр, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы