Шот-Аманның Елтаңбаға қатысы жоқ – Жандарбек Мәлібекұлы

4 Маусым 2023, 11:30
4613
Бөлісу:
Шот-Аманның Елтаңбаға қатысы жоқ – Жандарбек Мәлібекұлы
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Елтаңба авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы «Ұлттық идеология және ...» жобасында BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Журналистің «Елтаңба жобасын жасауда екі автордың үлесін айта аласыз ба?» деген сұрағына Жандарбек Мәлібекұлы Шот-Аман Уәлихановтың Елтаңбаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Мен осы жұмысты Ташкентте жасадым, Ташкенттен жібердім. Конкурсқа жібергенде Шота да, басқасы да болған емес. Бұл өтіп кетті. Шота одан кейін барып қосылған. Шот-Аман еш уақытта Елтаңба жобасын бірге жасадық деп айтқан емес. «Ол түсімде көрдім» дейді. Енді қосылып тұрғаннан кейін барлығы автор болғысы келеді ғой, - деді автор.

Жандарбек Мәлібекұлы рәміздер қабылданған күнді де еске алды.

Маусымның 4-і күні кешкі сағат 5-терде қабылданды. Ту да қабылданды, тудың да тарихы басқаша. Сосын корреспонденттер келген кезде бірінші гербті қабылдап, авторы Жандарбек Мәлібеков, ал тудың авторы Ниязбеков деп суретке түсірді. 5-і күні емес, 6-сы күні тұсаукесер болды. Сол кезде Шот-Аманды көрдім, - деді ол.

Рәміздер күніне орай алынған сұхбатта сәулетші сондай-ақ ұлттық архитектураның қалыптасуы үшін не қажет екенін, Астана архитиктурасындағы өзекті мәселелерді, Елтаңбаның эталондық үлгісін заңға енгізу керегін айтып берді.

Сұхбаттың толық нұсқасын BAQ.KZ ютуб арнасынан көре аласыздар.

Видео: Нұрасыл ЕРЖАНОВ
Өзгелердің жаңалығы