Шон Ганн жауабы: Қазақстанда Marvel мен DC фильмдері түсірілуі мүмкін бе?

16 Қыркүйек 2023, 19:15
1127
Бөлісу:
Шон Ганн жауабы: Қазақстанда Marvel мен DC фильмдері түсірілуі мүмкін бе?
PHOTO
Фото: автордан

«Галактика сақшылары» фильмінің жұлдызы, актер Шон Ганн Астанада жанкүйерлерімен кездесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шон Ганн жауабы: Қазақстанда Marvel мен DC фильмдері түсірілуі мүмкін бе?

Шон Ганн Астананың әдемі екенін, фестиваль қонақтарының ерекше екенін айтады. Сондай-ақ ол Қазақстанда Марвел секілді үздік фильмдерді түсіруге ұсыныс болса, «иә» деп айтар едім деді.

Фанаттар Ганнан «Галактика сақшыларын Қазақстанда түсірмек болған екен... Бұл қаншалықты рас? Қазақстан локациясында Marvel және DC фильмдері түсіріле ме?» деген сұрақтар қойды.

Шон Ганн жауабы: Қазақстанда Marvel мен DC фильмдері түсірілуі мүмкін бе?

Қазақстанды таңғажайып жер деп айтар едім. Бұл түсірілім үшін жақсы келетін жер. Әрине, егер  «Сақшылардың» бірінші бөлімін немесе комикстерге негізделген фильмдерді түсіру туралы шешім болса,« иә» деп дауыс берер едім. Қазақстандағы локацияға келер болсақ, иә, бұл тамаша идея! , - деп жауап берді
Шон Ганн.

Сонымен қатар Ганн кездесуде фанаттарға автограф беріп, селфи жасады. 

Шон Ганн жауабы: Қазақстанда Marvel мен DC фильмдері түсірілуі мүмкін бе?

Еске сала кетсек, бүгін елордада Comic Con Astana фестивалінің екінші күні өтіп жатыр. Фестивальде косплей байқауы өтеді. Сондықтан бұл жерге келген адам түрлі мәдениетті тамашалайды.

Шон Ганн жауабы: Қазақстанда Marvel мен DC фильмдері түсірілуі мүмкін бе?

Ұйымдастырушылар фестивальге кемінде 60-70 мың адам келеді деп күтеді. Өйткені биылғы Comic Con-ның хедлайнерлері «Галактика сақшылары» жұлдыздары Шон Ганн мен Майкл Рукер, сондай-ақ жүргізушісі «Фантастикалық құбыжықтар: Дамблдор құпиялары» фильмінің актері Александр Кузнецов болды.

Фестивальдің тағы бір ерекшелегі мұнда суретшілер мен комикс жасаушылар өз жұмыстарын ұсынып, сата алатын жәрмеңке алаңы бар. Ол авторлар аллеясы аталады. Барша әлемде танымал комикс, кино, бейне ойындары мен анимеге қызығатын азаматтар қалаған кейіпкерін тауып, естелік заттар сатып ала алады. Жалпы, фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен 150-ден астам авторлар қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы