Comic Con Astana. Фестивальге қатысатын Голливуд актерінің есімі анықталды

5 Қыркүйек 2023, 19:23
3272
Бөлісу:
Comic Con Astana. Фестивальге қатысатын Голливуд актерінің есімі анықталды
Фото: Comic Con Astana

Comic Con Astana фестиваліне «Галактика сақшылары» мен «Жүріп жүрген мәйіттер» фильміндегі Майкл Рукер келетін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі Голливуд актері Майкл Рукер ҚР астанасында 15-17 қыркүйек аралығында өтетін Comic Con Astana фестивалінің басты қонақтарының бірі болады. Бұған дейін бұл іс-шараға Рукердің Marvel және DC жобаларындағы әріптесі Шон Ганн қатысатыны белгілі болды. Ол "Галактика сақшылары" фильмінде Краглин мен Зымыран рөлін орындаушы.

Майкл Рукер бүкіл әлем көрермендеріне Режиссер Джеймс Ганнның «Галактика сақшылары» трилогиясындағы Йонду рөлімен таныс. Бұдан басқа, Рукер «Егерде…?» Marvel анимациялық телехикаясында сол кейіпкерді дыбыстады. Бірақ бұған дейін де актер «Жүріп жүрген мәйіттер» телехикаясындағы Мерл Диксонның протездік қолы бар адам рөлімен танымал болған. Сондай-ақ жанкүйерлердің естеріндегідей Рукер «Нағыз детектив» фильмінің үшінші маусымындағы рөлін сомдады.

Іс-шара барысында Майкл Рукер жанкүйерлермен араласып, фестиваль қонақтарына қолтаңба сессиясын өткізеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Comic Con Astana - комикстер, кинематография, бейне ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған халықаралық фестиваль.

16-17 қыркүйек аралығында «Майор Гром: Ойын» фильмінің авторларымен, қатысушыларымен танысу, қолтаңба сессиясы және «Объяснялкины» анимациялық сериалын тамашалау күтілуде.

Сондай-ақ 17 қыркүйекте фестиваль қатысушылары «Түсіндіргіштер» анимациялық сериалының жасаушылары: Сыендук, Егор Лоскутов және Евгений Блинниковке жеке сұрақтарын қоя алады.

Фестивальде қатысушыларға әртүрлі кейіпкерлерге деген сүйіспеншіліктерін білдіруге мүмкіндік беретін косплей байқауы өтеді. 

Шетелден келер тағы бір кино жұлдызы — «Супермен» үштемесі, Гай Ричи жасаған «Револьвер» мен Эмир Кустурица жасаған «Андерграунд» секілді фильмдерге қатысқан Франция кинопродюсері — Пьер Спенглер.

Сондай-ақ Конвентте техно-гиктерге арналған интерактивті аймақ құру жоспарлануда. Оның шеңберінде ойын өндірушілерінен түрлі мазмұн ұсынылатын болады.

Айта кетейік, Comic Con Astana Конгресс орталығында өтеді.

Ақпараттық серіктес - BAQ.KZ

Өзгелердің жаңалығы