ШҚО-да жол ережелерін бұзған 77 жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылды

19 Тамыз 2021, 16:55
4473
Бөлісу:
ШҚО-да жол ережелерін бұзған 77 жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс аумағында 18-ші және 20-ші тамыз аралығында, әкімшілік айыппұлдарды уақытында орындау мақсатында, прокуратура, жеке сот орындаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе отырып, «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде төленбеген айыппұлдары бар жол қозғалысы ережелерін бұзушылар анықталуда.

Іс-шараның бірінші күні 6 млн теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 77 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Мысалы, 20-дан астам әкімшілік айыппұлы бар жалпы сомасы 200 мың теңгеден асатын облыс орталығының тұрғыны анықталды. Бұл жүргізуші үнемі Жол жүру қағидаларын бұзып, құқықбұзушылықтар жасаған. Аталған жүргізушінің автокөлігі айыппұлдарын толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды,- деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров. 


Өзгелердің жаңалығы