ШҚО-да өрттен бір отбасы көз жұмды

17 Шілде 2021, 14:50
3099
Бөлісу:
ШҚО-да өрттен бір отбасы көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнде Риддер қаласындағы саяжай алабында үй өртеніп, бүтіндей бір отбасы көз жұмды, деп хабарлады Алтайньюс.

Өрт ағаш дәлізден басталып, толықтай үйге жайылған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар үйден үш ересек адамның денесін тапқан. Олар улы газға тұншығып қалған, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД қызметкерлерінің ақпараты бойынша, өңірде жарты жылда өрт салдарынан 32 адам қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы