ШҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасуда

6 Сәуір 2021, 07:45
1608
Бөлісу:
ШҚО-да мұз жару жұмыстары жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жолы мұзды жару жұмыстары Бесқарағай ауданына қарасты Кривинка ауылында жүргізілді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Барлығы 1000 кг жарылғыш зат пайдаланылып, шамамен 30 000 шаршы метр мұз ауданы ұсатылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні өңірде барлығы 18 мұз кептелуі қауіпті учаскеде пысықталып, жалпы жарылған мұз ауданы 165091,7 шаршы метрді құрады.

Өзгелердің жаңалығы