ШҚО-да алдағы бес жылда 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

26 Ақпан 2021, 13:32
1964
Бөлісу:
ШҚО-да алдағы бес жылда 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстанда алдағы бес жыл көлемінде экспортқа бағытталған өндіріс орындарын құру мақсатында 667 млрд. теңгеден астам инвестиция тартуды және 11,3 мың жаңа жұмыс орындарын құруды көздейтін 38 жоба жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы бүгін өңір тұрғындары алдында есеп берген облыс әкімі Даниал Ахметов хабарлады. Аймақ басшысының айтуынша, аталмыш жобалар кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген екен. 

Өткен жылы облыс аумағында жалпы сомасы 37,5 миллиард теңгелік бес жоба іске асты. Олардың ішінде атом электр станцияларына жылына 200 тонна уран өндіретін зауыттың құрылысы бар. Сондай-ақ, Келесі жылы үш мыңнан астам адамға жұмыс беретін жалпы құны 498 миллиард теңгені құрайтын 14 инвестициялық жобаны іске асырмақпыз, - деді Даниал Ахметов. 

Өңір басшысы қазіргі уақытта облыста 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін «KAZ Minerals Aktogay» компаниясының Ақтоғай кен байыту комбинатының өндірісін кеңейту жұмыстарының жүргізіліп жатқанын да тілге тиек етті. Оның айтуынша, аталмыш жоба 2021 жылы қолданысқа берілетін көрінеді. 

Бұдан бөлек, облыс аумағында өндіріс қуаты 50 млн тонналық «Айдарлы», Тарбағатайда қуаттылығы 25 млн тонналық «Қызылқайың» тау-кен байыту комбинаттарын салу жоспарланған. 

Оған қоса, бүгінгі таңда облыста травматалогия мен ортопедия салаларына арналған медициналық импланттарды өндіру қолға алынған.
 

Өзгелердің жаңалығы