ШҚО-да 1000-нан астам бизнес нысандары «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істеуде

14 Шілде 2021, 03:25
1659
Бөлісу:
ШҚО-да 1000-нан астам бизнес нысандары «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ashyq» жобасы Шығыс Қазақстанда 26 сәуірден бастап іске қосылған. Қазіргі уақытта облыс аумағында «ASHYQ» жобасына 1281 субъекті қатысуда, оның ішінде: ресми қатысушылар – 507, ерікті қатысушылар – 472, 302 нысан сынақ режимінде өтуде, деп хабарлайды Altaynews.

Күн сайын мониторингтік топтар карантин режимінің бұзылуы және бизнес нысандарының шектеу шараларын сақтамау фактілерін тексеріп, тіркеуде. Бүгінгі күні жобаға қатысып отырған 49 нысанда бұзушылық оқиғалары анықталды және осы жобадан 17 жосықсыз қатысушы шығарылды.

Жобаны енгізген уақыттан бастап «карантиндік» статусқа (553 «сары», 118 «қызыл» статус) ие бола тұра, қандай да бір нысандарға кіруге тырысқан 671 факті анықталды. Оқшаулануды бұзушылар арасында эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп, үй карантинінің шарттарын сақтау туралы қаулы берілді.

Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген қаулыларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған.

11 маусым мен 11 шілде аралығында аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары үй карантинін бұзған «қызыл» статустағы келушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 3 хаттама толтырған. Әрбір жеке тұлғаға 43 755 теңге мөлшерінде қысқартылған формада айыппұл салынды. Сондай-ақ, жоба іске қосылған күннен бастап бүгінге дейін «сары» статустағы адамдарға санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу туралы 553 қаулы берілді.

ASHYQ бойынша алғаш рет анықталған «сары» статус бойынша қаулы беріледі, ал қайта анықталған кезде 462-баптың 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, кейіннен сотқа жіберіледі. «Қызыл» статус бойынша 47-бұйрықты бұзғаны үшін 425-баптың 1-бөлігіне сәйкес бірден әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады.

Шығыс Қазақстанда ASHY«ASHYQ» жобасы 351 қоғамдық тамақтану объектілерінде, 204 демалыс базасында, 11 автовокзалда, әуежайда, 36 халыққа қызмет көрсету орталықтарында және басқа да бизнес нысандарында іске қосылған.

Өзгелердің жаңалығы