Шетелге заңсыз ақша шығарғандардың тізімі жариялана ма? Министр жауап берді

23 Маусым 2023, 13:19
2770
Бөлісу:
Шетелге заңсыз ақша шығарғандардың тізімі жариялана ма? Министр жауап берді
Фото: ОКҚ

Бұл туралы ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Заңсыз активтерді қайтару туралы заң жобасы заңгерлер мен депутаттар тарапынан біраз сынға ұшырады. Оның ішінде тізімнің анонимді болатынын және қаржыны қайтаратын адамның қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны сонымен қатар 100 млн доллар асатын азаматтың ғана активтерін қайтару дегендей қағидаттары дау тудырған еді. Сіздер осы сын-ескертпелерді ескеріп, заң жобасының қосып жатырсыздар?, - деп сұрақ қойды БАҚ өкілі.

Министрдің айтуына қарағанда заң жобасын депуттар әзірлеген.

Негізін бұл заң жобасына депутаттар бастамашылық жасады. Сондықтан бұл депутаттардың қолында тұр. Біз өз тарапымыздан сараптама жасап, ұсыныстарымызды берсек ескеруі мүмкін немесе тіпті ескермейді, - деді Есқараев.

Сонымен қатар ведомство басшысы жеке пікірін қосты.

Идеалды түрде заң жобалары болмайды. Әрқашан бір тарап немесе екінші тарап риза болмайды. Кез келген мәселе батыл шешім қабылдауды талап етеді. Заңсыз шетелге шығарғандардың тізімі ашық болғаны ол үкім емесқой... Сол себепті азаматтардың істеп жүрген жұмыстары мен кәсібі бар. Егер жалған ақпарат тараса азаматтың инвестициялық ахуалына әсер етуі мүмкін. Мәселен, кейін азамат активтердің заңды түрде шыққанын дәлелдей алып жатса, теріс әсер етуі мүмкін. Сол себепті жабық түрде болғанын дұрыс деп ойлаймын, - деді Әділет министрі. 
 

Өзгелердің жаңалығы