Шетелдіктерге жер беру қарастырылмайды – Үкімет басшысы

23 Қараша 2023, 13:32
787
Бөлісу:
Шетелдіктерге жер беру қарастырылмайды – Үкімет басшысы
Фото: автордан

Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен брифингте әлеуметтік желілердегі “Қазақстан 100 мың гектар жерді шетелдіктерге бергелі жатыр” деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР-ның Жер кодексінде шетелдіктерге немесе шетелдік компанияларға және шетелдіктердің қатысуымен қазақстандық компанияларға ауыл шарушалығына арналған жерлерді меншікке беру немесе пайдалануға беруге тыйым салынған. Ондай құқық тек қазақстандықтарда бар. Сондықтан шетелдіктерге жер беру қарастырылып жатқан жоқ, қаралмайды да. Бұл бойынша Мемлекет басшысы да анық пікірін айтты, – дейді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы