Шетелдіктер Қазақстанда 5 маусымға дейін болады

18 Қаңтар 2021, 11:27
1417
Бөлісу:
Шетелдіктер Қазақстанда 5 маусымға дейін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары  Сабыржан Сейітжанов  ішкі істер министрлігінің дәстүрлі баспасөз конференциясында айтты. 

Коронавирус инфекциясының пандемиясы Қазақстанға келетін шетелдіктің өмірі мен жоспарына  түзету енгізді. Тікелей көлік қатынасының болмауы транзиттік жол жүру үшін шекараларды жабу, авиабилеттер құнының өсу  фактілері заңды сыйлайтын көптеген  шетелдіктердің Қазақстаннан белгіленген мерзімде шығуына мүмкіндік бермейді, - деді ол. 

Сейітжанов атағандай, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында короновирустық инфекцияның пайда болуы мен таралауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады, ол елімізде уақыша болатын шетелдіктердің мәртебесін заңдастыруға және Қазақстанда заңнаманы бұзуға жол бермеуге мүмкіндік береді.  

Негізгі  акцент отбасымен қосылуға келген шетелдіктерге, құжаттарының жарамдылық мерзімі өткен азаматтарға, сондай-ақ шетелден келген жалдамалы жұмысшыларға жасалған, - деді ол

Төменде шетелдіктерді санаты және олардың болу мақсаты келтірілген, оларға әрекет қолданылады:

- Жол жүру құжаттарының, шетелдіктің елде тұру ықтиярхатының, Қазақстан Республикасының визаларының, елде уақытша болуға рұқсат етілген мерзімі өтіп кеткен немесе мерзімі 2021 жылғы 5 маусымға дейін  аяқталатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартпай елден шығуына рұқсат берілді; 

-шетелдіктердің азаматтығы бар елімен немесе тұрақты тұратын елмен тікелей көліктік қатынастар (авиа, авто және темір жол қатынастары, сондай-ақ жаяу) және транзиттік жол жүру болмаған жағдайда шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың елден шығару туралы сот шешімінің мерзімін  өздігінен орындауы тоқтатылды.

-шетелдіктердің елде болу мерзімі 2021 жылғы 5 маусымға дейін ұзартылады (визалар, уақытша тұруға рұқсаттар):

1)   еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты немесе өздігінен жұмысқа тұруға арналған тиісті біліктілігі туралы жергілікті атқарушы орган берген  анықтамасы барларға виза, уақытша тұруға рұқсат шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның елге келу мақсатының талаптарын ескерусіз беріледі; 

2) Қазақстан Республикасының аумағында отбасымен қосылу мақсатымен жүрген және құжаттарды азаматтығының елінен ұсына алмайтындарға виза шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның елге келу мақсатының талаптарын ескерусіз беріледі;

3) Рұқсатты беру, ұзарту, қайта ресімдеу туралы өтінішпен жүгінген еңбекші иммигрантқа «Көші-қон туралы» ҚР заңының 43-1-бабы 2-тармағының талаптарын ескерусіз ресімделеді (Еңбек иммигрантының Қазақстан Республикасында үздіксіз уақытша тұруының максималды мерзімі он екі айдан аспауы тиіс).

Бұл ретте рұқсат құжаттарының  мерзімі өткен немесе өтіп бара жатқан Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтарға құзыретті органдардағы өз құқықтық мәртебесін уақтылы реттестіру үшін (көші-қон қызметінде есепке тұру, еңбек патентін алу, уақытша тұруға рұқсат және т.б.) көші-қон қызметіне жүгінулері қажет. 

2021 жылғы 1 қаңтардан 5 маусымға дейінгі кезеңде құқықтық мәртебелерін заң жүзінде реттемеген шетелдіктердің құқықтық жауапкершіліктен босатылмайтындығын ескертеміз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы