Шетелден қайтарылған қомақты ақша неге жұмсалып жатыр? Вице-министр жауап берді

5 Наурыз 2024, 14:31
382
Бөлісу:
Шетелден қайтарылған қомақты ақша неге жұмсалып жатыр? Вице-министр жауап берді
Фото: Үкімет

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов шетелден қайтарылған трансферттер қайда жұмсалып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құдайбергенов бүгінгі таңда 1 трлн теңгеге жуық қаржы қайтарылғанын айтты.

Ол жерде тек ақша емес, активтерсде бар. Сондықтан біз ол активтерді нарыққа шығаруымыз керек. Одан түскен ақша еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалады. Бүгінде қолда бар ақпаратқа сәйкес, қаражат ауруханалар мен мектептер салуға жұмсалып жатыр. Оның ішінде шамамен 200-300 млрд теңге мектеп салуға бөлінді, - деді Бауыржан Құдайбергенов Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы