Шет тілдері 1-сыныптан бастап оқытыла ма? – министрлік жауабы

1 Сәуір 2025, 17:36
5484
Бөлісу:
Шет тілдері 1-сыныптан бастап оқытыла ма? – министрлік жауабы
Фото: Арман Мухатов

Оқу-ағарту министрлігі бірінші сыныпқа шет тілдері қай сыныптан бастап оқытылу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жауапты ведомствоға "Әлеуметтік желіде қазақстандық оқушылар шет тілдерді бірінші сыныптан бастап оқуы керек деген ақпарат таралды. Жалпы қазақстандық оқушылар қай сыныптан бастап ағылшын және орыс тілдерін меңгере бастауға тиіс?" деген сауал қойылды.

Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай қазақ тілі 1-сыныптан, шет тілі 3-сыныптан, орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады, - делінген редакциямызға берілген жауапта.

Өзгелердің жаңалығы