Асырап алған баласына қатыгездік көрсеткен ақмолалық әйел жазаланды

27 Сәуір 2025, 05:40
744
Бөлісу:
Асырап алған баласына қатыгездік көрсеткен ақмолалық әйел жазаланды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында кәмелетке толмаған балаға патронаттық тәрбие беру кезінде оған қатыгездікпен қараған әйелге айыппұл салынды. Сот әйелдің тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағанын және баланы үнемі ұрып-соққанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облыстық сотының мәліметі бойынша, Бурабай аудандық соты ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігіне сәйкес әйелді 2024 жылдың қазан айында асырап алған баласына аяғын металл ұсақтағышпен ұрып, денесіне зақым келтіргені үшін айыпты деп тапты. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баллада дене жарақаты анықталды.

Соттың шешімі бойынша, әйел педагогикалық қызмет атқару немесе кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеумен айналысу құқығынан екі жыл мерзімге айыра отырып, 80 АЕК (295 360 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Бұл іс бойынша сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы