Шерхан Мұртаза – 90. Тараздағы той тағылымы

20 Қазан 2022, 00:30
922
Бөлісу:
Шерхан Мұртаза – 90. Тараздағы той тағылымы

Министр іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған облыс әкімдігіне ризашылық білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шерхан Мұртаза – 90. Тараздағы той тағылымы

Халық жазушысы, қайраткер тұлға, қалың қазақтың қадірлісі Шерхан Мұртазаның Тараздағы 90 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде өтті. 

Ұлы жазушының еңселі ескерткішінің ашылу салтанатында Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқумен басталған игілікті іс-шара одан әрі "ШЕРХАНТАНЫМ: қазіргі қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің даму тенденциялары" атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға ұласты.

Елімізге белгілі ғалымдар, Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасындағы қазақтың кең даласынан жиналған көрнекті ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысқан алқалы жиында Шерағаңның дәуірлерге жүк боларлық дүниелері, шығармашылығы мен қайраткерлігі туралы кеңінен сөз болды. Жиында баяндама жасап, шығармалары арқылы қоғамның шипагері болған, ширыққан шындықты айтып, ақиқаттың алдаспанына, алаштың ардақтысына айналған абыз туралы айттық. 

Мұнан әрі, текті тұлғаның туған жері Жуалыдағы Шерағаның өзі тұрған үй мемориалдық музей болып ашылды. Жазушының заттары мен кітаптары, құнды құжаттары сақталған ғибраты мол ғимараттың жас ұрпаққа берер өнегесі көп боларына шүбә жоқ. 

Жалпы қайраткер қаламгердің әдеби мол мұрасы мен ұлт үшін жасаған ұлы істері ұлықталған іс-шараның тоқсан жылдық мерейтойы тағылым мен тәлімге толы болды. 

Министр сапар аясында «Ақ жол» газеті мен «Jambyl» телеарнасына  барды. 

Шерхан Мұртаза – 90. Тараздағы той тағылымы

Айта кетерлік жайт, «Ақ жол» газеті биыл 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Бұл редакцияда Шерағаң талай болып, газетке мақалаларын жариялаған. 

Ұжымды мерейтоймен құттықтап, бірқатар әріптесіме салалық «Ақпарат саласының үздігі» және Құрмет грамотасын табыс еттім. 

Онан соң «Jambyl» арнасына барып, жұмысымен таныстым. Әріптестермен бірге салаға қатысты мәселелерді талқыладық.

Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Жамбыл облысы әкімдігіне ризашылық білдіреміз.

Өзгелердің жаңалығы