Шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету жоспары әзірленіп жатыр

28 Шілде 2020, 09:30
1734
Бөлісу:
Шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету жоспары әзірленіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн Үкімет отырысы барысында айтты. 

5 шілдеде енгізілген шектеу шараларынан бергі үш апта ішінде 35 951 жаңа вирус жағдайы тіркелді. Жалпы, тіркелген жағдайлар деңгейінің төмендегені байқалады (29%). Жағдай тұрақталып келеді, қазір тәулігіне орташа есеппен 1600 жағдай анықталуда. Сонымен қатар, ауруханалардағы төсек-орынды қамту деңгейі де 43%-ға төмендеді, оның ішінде реанимациялық төсек-орын көлемі 27%-ға. Ал, жазылып шыққандар көлемі 63%-ға артты. Осылайша, денсаулық сақтау саласына түскен негізгі салмақ азайды, - деді ол.
Министр Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету жөніндегі жоспар әзірленіп жатқанын жеткізді.
Карантиндік шараларды жұмсартудың әзірленген критерийлеріне сәйкес, министрлік инфекцияның репродуктивтілік көрсеткішін, яғни, бір науқастың оқшаулауға және коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек-орын қорын қамту пайызына дейін қанша адамға вирус жұқтырғанын қадағалап отыр, - деп мәлімдеді Алексей Цой. 

Министр үш апталық карантин ішінде инфекцияның репродуктивті көрсеткіші 1,2 - ден 0,99-ға дейін төмендегеніне тоқталды.

Ауруханалардағы төсек-орынды қамту пайызы 90%-дан 47%-ға дейін төмендеді. Осылайша, Денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жоғарыда көрсетілген оң динамикасы карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жеңілдету мүмкіндігін көрсетеді, - деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы