Шекарадан Калашников автоматтарын алып өтпек болған азамат ұсталды

18 Сәуір 2019, 10:48
1885
Бөлісу:
Шекарадан Калашников автоматтарын алып өтпек болған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қостанай» шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде Ресейден жекеменшік «Шкода Рапид» автокөлігімен Қазақстанға қайтып келе жатқан 1993 жылы туған қазақстандық ұсталды. Шекара наряды оның автокөлігінің жүксалғышынан барлығы 6 дана, калибры 7,62 мм-лік, пайдаланудан алынып тасталған, залалсыздандырылған Калашников автоматтарын және олардың 6 дана оқсалғышын тапты. Тасымалдаушының айтуы бойынша бұл автоматтарды Мәскеуден коллекция және фильм түсіру үшін сатып алған.

Істің анық-қанығын тексеру үшін, ұсталған азамат қару-жарағымен бірге Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Сондай-ақ, Петропавл шекара отрядының «Бидайық-авто» бөлімшесінде біздің елге келе жатқан 1975 жылғы Ресей азаматының автокөлігінен аңшы мылтығына арналған оқ-дәрі табылып, Уәлиханов ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы