Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы анықталды

7 Қазан 2020, 20:25
2572
Бөлісу:
Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

25 жастағы «Номад» 24 қазанда америкалық промоушенде, дәлірек айтқанда UFC 254 турнирінде дебют жасайды. Аталған турнирдің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы чемпион Хабиб Нурмагомедов пен уақытша чемпион Джастин Гэтжи арасында өтеді.

Шавкат Рахмоновтың Абу-Дабидегі қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейра (22-8) болмақ. Ол мансабында 22 қарсыласын жеңіп, 8 жекпе-жегінде ұтылды. 

Қазақстандық файтер америкалық компаниядағы дебютін осы жылдың наурыз айында өткізуі керек еді, бірақ іс-шараға бір апта қалғанда турнирдің өтпейтіні белгілі болды. Кейінірек дебют шілде айына жоспарланған, бірақ бұл жолы Шавкат Рахмоновтың өзі қолынан жарақат алып, турнирге қатыса алмады.

Еске сала кетелік, дәл осы турнирде тағы бір қазақстандық, M-1 Global-дың бұрынғы чемпионы Сергей Морозов та бақ сынайды. Морозовтың қарсыласы бұрынғы GFC чемпионы ресейлік Умар Нурмагомедов болмақ. Жалғас Жұмағұлов та UFC 254-те жекпе-жек өткізуі мүмкін. 

Өзгелердің жаңалығы