Шавкат Рахмоновтың қайта оралуы кейінге шегерілді: Бапкері жаңа мерзімді атады

12 Қараша 2026, 12:21
АВТОР
 UFC 12 Қараша 2026, 12:21
12 Қараша 2026, 12:21
161
Фото: UFC

Шавкат Рахмоновтың октагонға оралуы 2027 жылдың көктемінен ерте болмауы мүмкін. Спортшының жарақаттан кейінгі қалпына келу процесі созылып кеткендіктен, бапкері оның жекпе-жекке шығуын наурыз–сәуір айларына жоспарлап отыр.

Бұл туралы DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге қазақстандық файтердің нақты қашан оралатынын айту қиын.

«Шавкаттың оралуы туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Өйткені өздеріңіз көріп отырғандай, қалпына келу процесі созылып кетті. Менің есебім бойынша, келесі жылдың наурыз–сәуір айлары. Әзірге шамамен осылай», – деді Эдуард Базров.

Шавкат Рахмонов 2024 жылдың желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Ол UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Осы жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы тізесінен жарақат алып, нәтижесінде оның октагонға оралуы кейінге шегерілді.

Айта кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов Құрылтай сайлауына қатысты. 

Сондай-ақ, тамыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тШавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Наверх