Шашынан сүйреп, лақтырған: Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиешіге қатысты үкім шықты

Балабақша қызметкері сотталды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Кеше 2026, 12:52
Кеше 2026, 12:52
627
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды, ол 2-2,5 жастағы 16 баланы азаптағаны үшін кінәлі деп танылды.

Айыптау тарапы сотталушының балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады. Оларды ұрып-соғып, шаштарынан тартып, лақтырып, дене және психикалық зардап келтірген.

Тәрбиешінің кінәсі мемлекеттік айыптауды қолдаған прокурордың белсенді ұстанымының арқасында дәлелденді, ол даусыз дәлелдер ұсынып, ауырлататын мән-жайлармен неғұрлым ауыр айып тақты. 2026 жылғы 17 сәуірде сот оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, жазаны өтеуді кейінге қалдырумен, сондай-ақ 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырды, - деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбнеде балаларды басынан ұрған балабақшада тексеріс басталғаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Балабақшада пышақ ұстап жүрген бала тәрбиешінің ұлы болып шықты

Баланың жағдайы балабақшада ғана анықталады: Министрлік инклюзиядағы басты проблеманы атады

Атыраудағы балабақшада балаға шкаф құлаған: Тәрбиешілер жазаланды


 

 

Наверх